Қызылорда облысында TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында балағат сөздер айтқан тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, Сырдария ауданының 36 жастағы тұрғыны Қуаныш Олжабаев әлеуметтік желіде эфир жүргізу кезінде бірнеше рет бейәдеп сөздер қолданған. Сол сәтте оның мас күйде болғаны анықталған.
Іс сотта қаралып, ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот шешімімен оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта ол белгіленген жазасын өтеп жүр. Тұрғын көшелерді сыпыру, арамшөптерді отау және басқа да қоғамдық жұмыстарды атқаруда.
Айта кетейік, соңғы уақытта құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерде заң талаптарын бұзған блогерлер мен қолданушыларға қатысты бақылауды күшейткен.