Семейде кәсіпкерді алдап, 4,3 млн теңгені қалтаға басқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
30 жастағы жеке кәсіпкер полицияға алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, 2024 жылы тамыз-қыркүйек аралығында бейтаныс ер адам сенімге кіріп, ақшаны көбейтуге көмектесемін деген желеумен тендерлерге қатысу арқылы пайда табуға уәде беріп, оның 4,3 млн теңгеден аса ақшасын иемденіп кеткен.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 28 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындаған. Алайда ақшаны жұмсап үлгерген.
"Дәлел ретінде банк мәліметінің көшірмесі тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді өңір полициясы.