«Таза өлке»: Қонаевта студенттер 30 қап қоқыс шығарды

Жарбол Кентұлы 11 сәу. 2024 16:02 1885

Елімізде «Таза өлке» акциясы жалғасуда. Науқан аясында бүгін Қонаевтағы колледждердің 200 студенті оқу ошақтарының аумағын қоқыстан тазартты.

Алматы облыстық көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің білімгерлері эконауқанды қолдау туралы челленджді өңірдегі басқа білім беру мекемелеріне жолдады. Олар сенбілік барысында 10 қап қоқыс шығарды.

Ал Қонаев көпсалалы колледжінің студенттері 20 қап қоқыс шығарғандарын айтты.

«Бүгін біз сыпыртқы, тырма, аша секілді керек-жарақтарымызды алып, барлығымыз сенбілікке шықтық. Тек колледж аумағын емес, нысанға жақын жатқан көшелерді де тазарттық. Тазалық өзімізден басталады. Сондықтан мен қатарлас жастарды, балаларды табиғатты аялап ұстауға, мәдениетті болуға шақырамын», - деді 3-курс білімгері Ерлік Ғаниұлы.

Жалпы Қонаев қаласының тұрғындары сенбіліктерге белсенді қатысып жатқанын айта кетейік. Ертең шағын және орта бизнес орындарының, өндіріс ошақтарының аумағы тазаланады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар