Мамырдың аяғында ауа райы қандай болады?

Мамырдың аяғында ауа райы қандай болады?

Мамырдың аяғында Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Солтүстік-батыс циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс пен солтүстік-батыста үш күн бойы, 28 мамырда оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталықта, ал 28-29 мамырда солтүстік пен шығыста нөсер жауын, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде қатты жел соғады.

Күндіз батыста ауа температурасы 15-25 градус жылы болады. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта алғашқы күндері 17-25 градус жылы болып, кейін 20-33 градусқа дейін аптап байқалады.

Шығыс аймақтарда ауа температурасы 15-25 градустан 20-30 градусқа дейін өзгереді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста әуелі 20-28 градусқа дейін төмендеп, кейін 27-38 градусқа дейін күн ысиды.