Тайландта екі қазақстандық қыз құлдыққа түсіп, көмек сұраған – Смадияров мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 21 ақп. 2024 17:38 2421

Таиландта екі қазақстандық қыз құлдықтан босатылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Астанада өткен брифингте ол істің мән-жайын  баяндап берді. Анықталғандай, қыздар жасырын байланыс орталығындағы бос жұмыс орнына алданып қалған. Олар бірнеше тіл білетіндіктен, жұмысқа алмақ болған. Бірақ сол жаққа табан тіреген кезде қыздарды құлдыққа салған. Сонымен қатар 10 мың доллардай қаражат талап еткен.

"Осы жылы қаңтардың соңында Таиландтағы консулдықтың WhatsApp нөміріне хабарлама келді. Онда "Мен Қазақстан азаматымын. Қай мемлекет екенін білмеймін, джунглидің ішінде құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер" деп жазылған. Дереу анықтай бастадық. Сөйтсек біздің екі азаматшамыз құлдыққа түсіп қалған. Ең қызығы екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Интернеттен хабарламаны көріп, алданып қалған. Әр адам басына 10 мың доллардан ақша сұраған. Жергілікті билікпен жұмыс істеп, бір айда екі азаматша құтқарылды. Қазіргі таңда олар елге келе жатыр", - дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Айтуынша, қыздар Тайландқа бет алмас бұрын «Алтын бұрыш» аймағынан хабардар болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар