Таяу Шығыстан тағы 851 қазақстандық жеткізілді

Көркем Алдабергенова 05 нау. 2026 15:16

5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасады. Осы рейстермен елге 851 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

5 наурыз күні Қазақстанға жолаушыларды алып келу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар тағы бірнеше рейс орындайды.

Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы және Жидда – Атырау – Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр.

SCAT Airlines әуе компаниясымен Маскат – Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындалады.

Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша рейс орындауда. Тәуліктің соңынадейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған.

Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасауды жоспарлап отыр (жолаушылар саны нақтылануда).

3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан Республикасына барлығы 12 рейс ұшып келді, нәтижесінде 2111 жолаушы елге оралды.

Бүгінге жоспарланған рейстерді ескере отырып, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға шамамен 4000 азамат жеткізіледі.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының бірлескен жұмысы аясында жалғасып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove