Тәуелсіздік күні көлігіне Туды ілген жүргізушілерге айыппұл салынған

Көркем Алдабергенова 17 жел. 2025 09:51

Тәуелсіздік күні көлігіне Туды ілген жүргізушілерге айыппұл салынған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видеолар тарады. 

Ерқанат Тәукебаев есімді facebook қолданушысының сөзінше, 47 автобусқа ілінген қазақтың туын Алматы полициясы алып тастаған. 

"Құрметті қазақ жанашырлары, 47 автобус жүргізушісін қолдап, қазақ туын мақтаныш еткен үшін сыйлық берсек!", - дейді ол. 
Сонымен қатар, тағы бір қазақстандыққа көлігіне Туды ілгені үшін айыппұл салынған. 
 
Бұл фактілердің мән-жайын анықтау үшін полиция департаментінен жауап беруін сұрадқ. Әзірге ресми түсініктеме берілмеді. 
Айта кетейік, белгілі сарапшы Айбар Олжаев әлеуметтік желідегі парақшасында жүргізушілерге Ту тіккені үшін айыппұл салынса, оны төлеп беретінін айтқан болатын. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар