Оқиға Тараз қаласындағы 6-ықшамуданындағы 18-ші үйде болған. Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің мәліметінше, оқиға орнында атыс болған. Tengrinews.kz тілшісіне №1 қалалық аурухананың қабылдау бөліміне, жансақтау бөліміне ауыр жағдайда екі адам түскен. Қазіргі уақытта оларға ота жасалуда.
Жергілікті құқық қорғау органдары Тараздағы атыстың діни экстремизмге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
– 19 маусымда 16.30-да «Борышкер» жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында полиция қызметкері қару-жарақ алып жүру деректерін анықтау бойынша тексеріс жүргізді. Тараздың ықшамаудандарының бірінде белгісіз біреу анықталмаған қарумен полиция қызметкерін атқан. Ұстау кезінде күдікті жараланды. Қазіргі уақытта полиция қызметкері мен күдікті ауруханаға түсті, – деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз өкілдері.
Полицияның мәліметінше, атыс кезінде жарақат алған жігіт бұрын сотты болған. ІІД Діни экстремизммен күрес жөніндегі басқарманың есебіндегі мәлімет бойынша, күдікті діни экстремист емес.
– Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау және оқиғаға қатысқандарды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, – деп хабарлады ІІД өкілдері.
https://www.youtube.com/watch?v=I0DkMpPhhCU