Таразда тәрбиеші балабақшада бүлдіршіннің басын жарып тастаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кадрларда әйел көк пакетпен баланың басынан ұрғаны көрінеді. Бала басын ұстап, әйелден қашады. Кейінгі кадрларда соққыдан баланың бас терісі жарылып кеткені көрінеді.
Бұл жайтқа ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша еңбек демалысы кезінде балабақша меңгерушісінің міндетін уақытша атқарған әдіскер қызметінен босатылды. Тәрбиешінің көмекшісі еңбек демалысынан кейін жұмыстан босатылады. Тәрбиешіге қатаң сөгіс жарияланды.
Қызметтік тексеру нәтижесінде балабақша басшылығына барлық жауапты тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қабылдау және балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды. Оқиға бақылауда", - деп жазылған хабарламада.
Комитет мәліметінше, баланың жағдайы қалыпты. Бүгін балабақшаға барған.