Таразда кәмелетке толмаған жасөспірім мінген ат көлікке соғылды

Сағыныш Сардарова 07 сәу. 2026 17:20

Таразда кәмелетке толмаған жасөспірім мінген ат көлікке соғылды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Куәгерлердің айтуынша, жылқы қатты жылдамдықпен шауып келіп, көлікпен соқтығысқан. Соққы қатты болып, жануар оқиға орнында өлген, ал жасөспірім асфальтқа құлаған.

Полиция мәліметінше, жол апатына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Көлік айып тұрағына қойылды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Жамбыл облысы Полиция департаменті өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove