Таразда жас жігіт автобус жүргізушісін соққыға жықты

Дінасыл Хамит 30 жел. 2025 19:54

Тараз қаласында қоғамдық көлік жүргізушісіне қол жұмсаған келеңсіз оқиға орын алды. Әлеуметтік желілерде 54 жастағы автобус жүргізушісін жолаушылардың бірі аяусыз соққыға жыққан сәт бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті автобусқа мініп үлгермей, көліктің есігін бар күшімен аяқпен тепкен. Осыдан кейін жүргізуші көлікті тоқтатып, орын алған тәртіпсіздік туралы құқық қорғау органдарына хабарласпақ болған. Алайда тәртіп бұзушының жас жігіт екенін көріп, жағдайды ушықтырмауды жөн көрген. Ол тек ескерту жасап, жігітті босатып жіберген.

Соған қарамастан, жас жігіт жүргізушіге жұдырық ала жүгіріп, соққыға жыққан, сондай-ақ аяғынан теуіп, ауыр дене жарақатын салған. Оқиғаға куә болған жолаушылар көп ұзамай араша түсіп, төбелесті тоқтатқан.

Зардап шеккен 54 жастағы азамат жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, аяғына шұғыл ота жасалды. Қазіргі таңда ол дәрігерлердің бақылауында.

Күдіктінің ата-анасы жүргізушіден кешірім сұрап келгенімен, зардап шегуші тарап бұзақының үстінен қылмыстық іс қозғап, сотқа жүгінетінін мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар