Таразда 13 жастағы қызды ұрлауға оқталған күдіктілер ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полицияға екі белгісіз адам көлікпен аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түскен.
"Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп жазылған Жамбыл облысы ПД хабарламасында.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.
