Freedom Inside '26

Танымал америкалық саяхатшы-блогер Қазақстанға келді

Танымал америкалық саяхатшы-блогер Қазақстанға келді

Әлеуметтік желіде 8 миллионнан астам оқырманы бар танымал америкалық саяхатшы-блогер Джошуа Платильеро Қазақстанға келіп, елордадан видео жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

TikTok платформасында жарияланған кадрларда Астананың көрікті жерлері, заманауи сәулеті мен қаланың панорамалық көріністері көрсетілген. Бейнежазба желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым мен пікір жинаған.

Жарияланған видеода блогер Қазақстан астанасының атмосферасын көрсетіп, қаланың заманауи келбеті мен туристік әлеуетіне назар аударған.

Айта кетейік, кейінгі жылдары Қазақстан шетелдік блогерлер мен контент жасаушылар үшін тартымды бағыттардың біріне айналып келеді. Әсіресе Астана мен Алматы қалалары халықаралық саяхатшылардың жиі баратын орындарының қатарына енген.