Қазақстанда тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Тестілеу 14 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тестілеуге қатысу үшін 30 мыңнан астам өтініш қабылданған. Қатысушылардың 65%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. 100 талапкер ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырады.
Тестілеудің алғашқы күнінде 6,7 мыңнан астам адам сынақтан өтеді.
Тамыз айындағы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері, қандастар, шетелде орта білім алған түлектер қатыса алады.
Сонымен қатар шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына, басқа білім беру бағдарламаларынан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер, сондай-ақ өткен оқу жылында шекті балл жинай алмаған және жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылданған тұлғалар да тест тапсырады.
Бұдан бөлек, колледж түлектері өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде білім алуды жоспарласа, әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсе алады. Бұл жағдайда қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.