Тамызда Қазақстан шекарасында 5 мыңға жуық шетелдік ұсталды

Тамызда Қазақстан шекарасында 5 мыңға жуық шетелдік ұсталды
gov.kz

ҰҚК Шекара қызметі тамызда құзырлы органдармен бірлесіп, мемлекеттік шекарада заң бұзған 5 588 адамды ұстады. Олардың 4 907-сі - шетел азаматтары, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сондай-ақ, тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 089 әрекетінің жолы кесілді. Оның ішінде 30-ы есірткіге, 68-ы қару мен оқ-дәріге, 1 061-і жанар-жағармай материалдарына, 751-і халық тұтынатын тауарларға және 179-ы шетел валютасына қатысты.

Каспий теңізінде браконьерліктің 61 дерегі тоқтатылып, алдын алынған шығын 561 млн теңгеден асқан.

Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғаған. Бұдан бөлек, 4 886 әкімшілік іс бойынша 40 млн теңгеден аса айыппұл салынды.