"Тальгода" зорланған келіншекке "Жолаушылар тасымалы" 3 млн теңге төлейтін болды

Dalanews 07 ақп. 2025 13:21 2171

"Жолаушылар тасымалы" пойызда зорланған азаматшаға 3 млн теңге төлейтін болды. Талап-арызды Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады, деп жазады Dalanews.kz.

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамынан жәбірленушінің пайдасына 3 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы,сондай-ақ сотқа кеткен шығыстарына 350 мың теңге мөлшерінде қаражат өндіріп алынсын. Талап қою бойынша басқа бөлігін қанағаттандырудан бас тартылады", делінген сот шешімінде. 

 Жәбірленуші бұл ретте апелляциялық шағым түсіре алады.

Айта кетсек, қылмыстың өзі 2018 жылдың қыркүйегінде болған. Ол кезде ғылыми конференциядан келе жатқан Ақтөбе облысының 35 жастағы тұрғынын екі жолсерік купеде зорлаған. Екеуі де 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол кезде судья Оразбай Сатыбалды зорлық-зомбылық аяқ-астынан жасалған, алдын ала сөз байласу болмады деп есептеді. Жәбірленуші жазаны қатаңдатуды талап етті. Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың үкімін жойып, жолсеріктерге бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 2024 жылдың маусымында олардың бостандыққа шыққаны белгілі болды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар