Топырақты қорғау және жер қатынастары бойынша заңнама жаңартылды

Топырақты қорғау және жер қатынастары бойынша заңнама жаңартылды
pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Ақорданың мәліметінше, құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қамтиды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.