Талғат Ерсейітов Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалды

Талғат Ерсейітов Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалды
Талғат Ерсейітов. Фото: t.me/prokadrykz

Талғат Ерсейітов Степногорск қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Тиісті өкімге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қол қойған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Талғат Ерсейітов Астрахан ауданының әкімі болған. Ол бұл қызметті 2023 жылдың қарашасынан бері атқарып келді.

Талғат Аманбайұлы Ерсейітов 1974 жылғы 15 сәуірде Ақмола облысы Астрахан ауданының Астраханка ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолында жергілікті мемлекеттік басқару саласында бірқатар басшылық қызмет атқарған. 2009-2012 жылдары Астрахан ауданы әкімінің орынбасары, ал 2012-2017 жылдары осы ауданның әкімі болды.

2017-2019 жылдары Есіл ауданын басқарса, 2019-2023 жылдары Бұланды ауданының әкімі қызметін атқарған. 2023 жылдың қарашасында қайтадан Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалды.

Айта кетейік, 21 қыркүйекте бұған дейін Степногорск қаласының әкімі болған Ғайдар Қасенов қызметінен босатылған еді.