Талғардағы трагедия: үш күдіктіге қатысты 8 іс анықталды

Қаракөз Амантай 15 қаз. 2024 16:38 8148

Талғарда 16 жастағы Шерзатты ажал құштырған үш күдіктіге қатысты 8 іс анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz Qaz365.kz-ке сілтеп.

Олар - Нұрқияс Ильясов, Равиль Сакиев және Абзал Шынасыл. 

2019 ж. Нұрқиас Ілиясов пен Д.Қалғұлов арасында жанжал шыққан. Ардақ Нұржұманов Қалғұловты ұрып өлтірген. Ардақ 8 жылға сотталды;    

2020 ж. Нұрқиас Талғарда Есбол Ережепов, Бақыт Ауғанбек және Рахат Ақкөзеновті өлтірген. Іс татуласудан соң жабылған;      

2020 ж. "Веранда" дәмханасында Ілиясов пен Равиль Сакиев Диас Хабитұлын ұрған. Ілиясов 3 жыл, Сакиев 2 жыл 6 айға шартты түрде сотталған;      

2023 ж. Нұрқиас пен Ернұр Ілиясов Абзал Шынасылмен бірге А.Манапты ұрған. Сосын "Хан" барында Ілиясов Р. Труспековке жеңіл дене жарақатын салған. Екі іс татуласумен аяқталған;      

2023 жылы қыркүйекте Нұрқиас Ілиясов М.Сүлейменовқа дене жарақатын салған. Татуласумен аяқталған;   

2023 жылы желтоқсанда "Сказки" кафесінде Ернұр Ілиясов М.Качакбайды пышақтаған. Оларға пробациялық бақылау орнатылан;    

2024 ж.Нұрқияс пен Ернұр Ілиясов бұзақылық бойынша бас бостандығынан шектелген.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда 16 жастағы Шерзатты өлтірді деп айыпталып жатқан күдіктілердің суреті әлеуметтік желіде жаппай таралып кетіп еді. 

QirSabyn телеграм арнасы бірнеше күдіктінің суреті мен олардың есімін жариялаған. Дереккөздің мәліметінше, күдіктелер 1993, 1998 және 2000 жылғы азаматтар. Олардың екеуі бұрын сотталған. 

“Бір бөтелке сыра үшін Шерзатты өлтірген қылмыскерлердің бет-бейнесі - осы. Бүкіл ел 16 жастағы Шерзаттың қазасын естіп, шулап жатыр. Міне, осы 13 ересек адам марқұм Шерзаттың әкесін ұрып, ағасын пышақтап кеткен. Ал анасы осы сәттің куәсі болды. Баласының жауыздықпен ажал құшқанын өз көзімен көрді. Оның қандай күйде болғанын сөзбен жеткізу мүмкін емес”, - дейді QirSabyn телеграм арнасы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар