Талғар ауданында орын алған жағдаймен танысу үшін ТЖ орнына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков шықты.
2024 жылғы 23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында «Бурабай» коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты 2024 жылғы 21-23 наурыз аралығында жаңбыр мен қарлы жауын-шашын жауыы нәтижесінде топырақтың батпақтануы орын алып, салдарынан таудың баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың өздігінен түсуі орын алғаны жайлы хабарлама келіп түсті.
Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Кірген топырақ үйдегі терезенің сындырып, зақым келтірді, сонымен қатар жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысша (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірді. Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше метрді құрайды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ 1 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 10 қызметкері мен 2 техникасы, 2 жедел медициналық жәрдем бригадасы шықты.