Дубайға рейстер қайтадан ашылады

Дубайға рейстер қайтадан ашылады
freepik.com

Air Astana әуе компаниясы 15 шілдеден бастап Алматы – Дубай және Астана – Дубай бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қайта орындай бастайды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компанияның мәліметінше, аймақтағы ахуал тұрақты бақылауда. Қажет болған жағдайда ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

«Жолаушыларға барлық өзгеріс туралы қосымша ақпарат уақтылы хабарланады», – деп мәлімдеді әуе компаниясы.