2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрліктің хабарлауынша, мұнай өндірісінің азаюына қарамастан, ел экономикасы өсім көрсеткен. Алты айдың қорытындысы бойынша нақты сектор 5,1 пайыз, ал қызмет көрсету саласы 3,5 пайыз өскен.
Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылдың қорытындысында Қазақстан 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырғанын айтқан еді.
Оның сөзінше, бұл жоспар Теңіз кен орнындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары мен Каспий құбыр консорциумы (КҚК) нысандарына жасалған шабуылдардың әсері ескеріле отырып жасалған.