Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"14 шілдеден 25 тамызға дейін Төле би көшесінің Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы толықтай жабылады. Бұл аумақты Сәбденов көшесі арқылы айналып өтуге болады. Бұл учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.
