Талдықорғандық 19 жастағы бойжеткен жарнамалық роликке түскені үшін жауапқа тартылды

Талдықорғандық 19 жастағы бойжеткен жарнамалық роликке түскені үшін жауапқа тартылды
видео кадры

Талдықорғанда 19 жастағы бойжеткен әлеуметтік желіге жарияланған жарнамалық роликтен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бейнежазбада қыздың қозғалыстағы автокөліктің терезесінен денесін шығарып, сусын ішіп, қоқысты жолға лақтырғаны көрінеді. Бұл видео әлеуметтік желілерде тарап, полицияның назарына ілінген.

Тексеру нәтижесінде бойжеткен қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар көлік жүргізушісіне де айыппұл салынды. Ол жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзып, жол таңбасының талаптарын сақтамағаны үшін жауапқа тартылған.