Талдықорғанда TikTok-та отырып бейәдеп сөз айтқан тұрғын жазаланды

Талдықорғанда TikTok-та отырып бейәдеп сөз айтқан тұрғын жазаланды
ЖИ: Dalanews

Кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан азамат анықталды. Құқық бұзушы – Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны Гүлмира Касенова, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тексеру барысында оның бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Алайда соған қарамастан, ол заң талаптарын қайтадан бұзған.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот қаулысымен азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тұрақты негізде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғандарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

📱 POLISIA.KZ