Талдықорғанда саяжай тұрғындарының жүріп-тұруына ыңғайлы екі көпір пайдалануға берілді

Dalanews 20 қар. 2020 05:47 1074

ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні қарсаңында Талдықорғанда «Шайқорған» және «Қызыл тас» саяжайларының тұрғындары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тарту» деп аталатын 30 жаңа нысан аясында қуанышқа кенелді. Осылайша, Қаратал өзені арқылы өтетін екі көпірдің ресми ашылуы өтті.

Жаңа көпір елді мекен тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Тұрғындарды құттықтауға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов келіп, Жетісу зиялыларымен және саяжайлардың тұрғындарымен бірге қос өткелдің салтанатты түрде лентасын қиды.

– Құрметті жерлестер, қымбатты талдықорғандықтар! Сіздерді қала үшін маңызды әрі қажетті жобаның аяқталуымен – тұрғындардың да, автомобильшілердің де қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін салынған екі жаңа автомобиль көпірінің пайдалануға енгізілуімен құттықтаймын!

Бұл саяжай алаптарының инфрақұрылымын дамытуға және соның салдарынан халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі.

Талдықорғандағы өмір жыл сайын жақсарып келе жатқанын атап өткім келеді. Егер 2001 жылы облыс бюджеті 27 миллиард теңгені құраса, қазіргі уақытта бұл сома 760 миллиард теңгеге дейін өсті. Бұл сандар бойынша Жетісуда қандай ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын анықтауға болады, – деді аймақ басшысы Амандық Баталов.


Саяжай тұрғындарының қуаныштары жүздерінен байқалып тұрды.  Өйткені, олар жаңа көпірлерді ұзақ күтті. «Шайқорған» және «Қызыл тас» тұрғындары бір жағалаудан екінші Қаратал жағалауына өту үшін денсаулықтарына, тіпті өмірлеріне қауіп төндіруге тура келгенін еске алады. Осыған байланысты, өткен жылдың соңында олар облыс әкіміне жаңа автомобиль көпірін салуды сұраған еді.

– Амандық Ғаббасұлы, сіз өз уәдеңізді орындадыңыз. Қазір бізде мықты, кең және қауіпсіз көпір бар. Біздің Талдықорғанның барған сайын жайлы болып келе жатқанын атап өткім келеді. Сіз тек қала орталығын абаттандыруға ғана емес, сонымен қатар шеткері аймақтарға да назар аударғаныңыз қатты қуантады, – деді «Шайқорған» саяжай массивінің тұрғыны Әлия Бетебаева.

«Шайқорған» саяжайындағы адамдар жаяу жүріп өткен ескі көпірді алып тастамайды. Амандық Баталовтың бастамасы бойынша ол безендіріліп, естелік ретінде қалдырылады. Ескі құрылыстың ерекше түрі ретро-реконструкция болады, оның аясында талдықорғандықтар мен Жетісу өңірінің қонақтары суретке түсе алады

Айта кету керек, 2 жобаның құрылысына жергілікті бюджеттен 595 миллион теңге бөлінген. Көпірлердің ұзындығы – 69 м, жолдың ені – 7 метр. Жаяу жүріспен жайлы жүруге арналған жеке тротуар бар. Карантинге қарамастан, құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ және көпір дәл уақытында пайдалануға берілді.


Талдықорған қаласының маңында барлығы 12 саяжай бар. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жолдарды жөндеу, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, электрмен, сумен және газбен жабдықтау желілерін төсеу, жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылдан бастап жалпы сомасы 553 млн теңгеден астам электрмен жабдықтау желілерінің шамамен 107 шақырым реконструкциялау жүргізілді. Аумақты қар мен жаңбырдан қорғау мақсатында 1,9 км магистральды каналға күрделі жөндеу жүргізіліп, 13 көпір жаңартылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар