Таиландта шала туған сәбиді қазақстандық дәрігерлер аман алып қалды

Таиландта шала туған сәбиді қазақстандық дәрігерлер аман алып қалды
ЖИ: Dalanews.kz

Таиландта өте шала туған нәрестенің өмірін қазақстандық дәрігерлер сақтап қалды. Екі айға созылған қарқынды емнен кейін сәби Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан үйіне шығарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Дәрігерлердің мәліметінше, бір жарым айлық сәби санитариялық авиация бортымен Таиландтың Пхукет қаласынан Алматыға жеткізілген.

Сол кезде оның жағдайы өте ауыр болып, дене салмағы тым төмен болған.

Емдеу барысында мамандар сәбидің өміріне қауіп төндірген асқынуды – ішектің жабық перфорациясын дер кезінде анықтаған. Осыған байланысты балалар хирургтері шұғыл консилиум өткізіп, жедел операция жасау туралы шешім қабылдаған.

Дәрігерлердің кәсіби әрекетінің арқасында ота сәтті өтіп, нәрестенің өмірі сақталып қалды.

Екі айлық қарқынды ем мен оңалтудан кейін сәби ауруханадан шығарылып, ата-анасының қолына табысталды.