Әлемдік нарықта мұнай бағасы Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта ушығуына байланысты қайта қымбаттай бастады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері барреліне 1,29 долларға өсіп, 101,35 долларға жетті. Бір күн бұрын Brent бағасы керісінше 1,2 пайызға арзандап, 100,06 доллар болған еді.
Ал Нью-Йорк тауар биржасындағы WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 1,05 долларға қымбаттап, барреліне 95,86 доллар болды. Алдыңғы сессияда WTI бағасы 94,81 долларға дейін төмендеген.
Бұған дейін мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің бәсеңдеуі мүмкін деген сигналдардан кейін бірден 5 долларға дейін арзандаған болатын.
Соған қарамастан Brent пен WTI маркалары осы аптаны жалпы алғанда 6 пайыздан астам төмендеумен аяқтап жатыр.