Синоптиктер жеті қалада ауа сапасы нашарлайтынын ескертті

Сағыныш Сардарова 04 сәу. 2026 10:28

Қазгидромет жеті қалада ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктер 4 сәуірде Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын хабарлады.

Осылайша Павлодар, Өскемен, Риддер, Семей, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауадағы зиян заттар таралуына кедергі келтіретін кезең. Жыл басынан бері синоптиктер елдің түрлі қаласында ауа сапасы нашарлағанын бірнеше рет хабарлаған еді. Ауа сапасы адамның денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді.

Мамандар мүмкіндігінше сыртта аз жүруге, әсіресе, көлік көп жүретін жолдардың маңында ұзақ тұрмауға кеңес береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove