Шымкентте көршісін ұрып өлтірді деген күдікті ұсталды

Шымкентте көршісін ұрып өлтірді деген күдікті ұсталды
otyrar.kz

Шымкентте көршісін ұрып өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қалалық Полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, жәбірленуші мен оның көршісі арасында жанжал туындап, күдікті ер адамға бірнеше рет соққы жасаған.

"Алған дене жарақаттары салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Шымкент ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлыбек Әлібекұлы.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент қаласында көршілер арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталғаны хабарланды. Марқұмның артында бес баласы қалған.