Шымкентте ірі көлемде контрафактілік құрылыс қоспаларын шығаратын астыртын цехтың жолын кесілді

Шымкентте ірі көлемде контрафактілік құрылыс қоспаларын шығаратын астыртын цехтың жолын кесілді
gov.kz

​Шымкент қаласының Әділет департаменті Полиция департаменті және Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, заңсыз өнім шығаратын астыртын цехтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды dalanews.kz.

​Заңсыз өндірісте «Alina Group» компаниясына тиесілі «Alinex Glad» брендімен құрғақ құрылыс қоспалары, сондай-ақ «Қайсар» және «Крепость» кафель желімдері дайындалған.

​Тексеру шаралары барысында қызметкерлер аталған тауар белгілері заңсыз басылған 860-тан астам қап контрафактілік өнімді тәркіледі.

​Бүгінгі таңда жиналған материалдар кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы («Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану») бойынша жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді.

​Өңірде контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.