ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Капитал" атауымен инвестициялық платформа ретінде жасырын әрекет еткен қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тергеу амалдарына сай күдікті әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан 20 000-нан 500 000 теңгеге дейін қаражат тартып, 3-5 күн ішінде салым сомасының 30-50 пайызына дейін жоғары табыс уәде еткен.
Жаңа қатысушыларды тарту үшін психологиялық әсер ету тәсілдері қолданылған. Алайда уәде етілген табысқа кепілдіктер тек ауызша беріліп, нақты кәсіпкерлік қызметпен немесе қандай да бір шарттық міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген.
Шын мәнінде салымшыларға төлемдер жаңа қатысушылардан түскен қаражат есебінен жүргізілген. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 900-ден аса салымшы тартылып, жалпы салынған қаражат көлемі 700 млн теңгеден асқан.
Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.