Сүйісу кезінде тілі мен ернін жұлып алған: шулы оқиғаға қатысты тың дерек

Dalanews 16 қар. 2025 14:53

Қырғызстанда қызбен сүйісу кезінде тілі мен ернінен айырылған жігітке қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл жағдайды әлеуметтік желіде белсенді Бекболат Қаржан өзінің Facebook парақшасында түсіндіріп өткен. Оның айтуынша, оқиға басында айтылғандай, романтикалық қарым-қатынаста емес, мүлде басқа жағдайда болған.

Жаңа дерекке сүйенсек, 18 жастағы қыз әлгі жігіттің сүйіктісі болмаған. Тойда ішімдікке мас болып қалған жігіт қызға өзі қайта-қайта тиісе берген, құшақтап, еріксіз сүймек болған. Жігіттің бұл әрекетіне ашуланған бойжеткен өзін қорғау мақсатында оның тілін де, ернінің бір бөлігін де тістеп жұлып алған сияқты.

Пост авторы қыздың әрекетін өзін қорғау деп бағалап, "дұрыс істепті" деп пікір қалдырған. Ал жігіттің жақындары қазір қыздың ата-анасынан кешірім сұрап жүрген көрінеді.

Желі қолданушылары оқиғаның бұлай өрбігеніне таңданыс білдіріп, енді жігіттің мұндай қылықтан сабақ алатыны сөзсіз деген пікір айтуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар