Танымал қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Сүйінші, қазақ елі! Дастан ұлдарыңыз әлемдегі ең үздік тревел-блогер атанды. Неге десеңіздер, жаңа ғана поштаға Францияда Канн фестивалімен қатар өтетін марапатқа шақырту келді. Сол жерде Хаби Лейм, Бурак, Нусрет секілді танымал тұлғалар да марапат алған. Биыл бұл марапат бізге бұйырып тұр. Демек, Францияға жол тартамыз”, - деді ол.
Блогердің сөзінше, бұл шарада түрлі бағыттағы контент авторлары марапатталады.
“Атап айтқанда, фэшн-блогер, лайфстайл-блогер және тревел-блогер. Біз тревел бағыты бойынша үздік атанып отырмыз. Оның үстіне, сол уақытта Канн фестивалі өтіп жатады, Голливуд жұлдыздарымен, соның ішінде Леонардо Ди Каприомен бірге контент жасау мүмкіндігі де бар.
Негізі, 2026 жыл қазақ елі үшін өте керемет басталды. Мұны да елге қосқан үлесіміздің бірі деп білеміз”, - деп қосты ол.
