Су тасқынынан зардап шеккен халыққа елдің белсенді азаматтары да көмектесіп жатыр.
Солардың бірі – мемлекеттік қызметші, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Батырбек Әбділдин. Торғай өңірінің тумасы бір ауылда туып-өскен азаматтардың, достарының және кәсіпкерлердің басын біріктіріп, Қостанай облысы Амангелді ауданына, Торғай өңіріндегі басқа да су басқан ауылдарға 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтті.
«Қиын жағдайға тап болған ағайынға керек-жарағын, азық-түлігін жеткізу ісі алдағы уақытта да жалғасады» дейді Батырбек Сұлтанұлы.

Сонымен қатар, Батырбек Әбділдин қоғамдық негізде Астана қалалық «Қазақ күресі» федерациясына жетекшілік етеді.
Рамазан айында федерация басшылығы «Елорда» қайырымдылық қорымен бірлесіп, қарттар үйіндегі қарияларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, медресе шәкірттеріне бірнеше мәрте ауызашар берді. Ауызашар аясында мұқтаж жандарға пәтер кілттері табысталды.
Айта кетейік, 6 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жасаған болатын.
Президент мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмағанын, бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат екенін айтқан болатын.
Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.
"Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы", - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев тасқын судан зардап шеккен азаматтардың мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайтынын, қаржылық және басқа да көмек берілетінін айтты. Материалдық шығындар толық өтеледі.