Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы "Қарасора - 2026" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Операцияға полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қатысып жатыр. Сонымен қатар, тікұшақтар, дрондар және Жерді ғарыштан бақылау технологиясы қолданылған.
Шу өңірі ерекше назарда. Мұнда дрондардың көмегімен жабайы қарасораның ондаған ошағы анықталып, жойылды. Сондай-ақ, қызметтік иттер мен кинологтар тәулік бойы қызмет атқарып жатыр. Олар автожолдарда, теміржол объектілерінде және есірткі тасымалдануы мүмкін бағыттарда тексеріс жүргізеді.
"Операция барысында қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысының жолы кесіліп, 550 келіге жуық түрлі есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.