Стамбул маңында көпқабатты үй құлады:зардап шеккендер болуы мүмкін

Асель Қайратқызы 29 қаз. 2025 11:42

Түркияның батысында соңғы екі тәулікте қатарынан екі күшті жер сілкінісі болды. Соңғысы — Балыкесир провинциясында тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz. РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, жер сілкінісінен жалпы 19 адам зардап шеккен. Олар жер сілкінісі кезінде құлау немесе терезеден секіру салдарынан жарақат алған. Төрт зардап шеккен адамды ауруханадан шығарды.

«Барлық зардап шеккендеріміз өздерін жақсы сезініп, біздің ауруханаларымызда емін жалғастыруда. Оларға тезірек сауығып кетулерін тілеймін», — деді Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар, Стамбул маңындағы Гебзе қаласында көпқабатты үй құлады. Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, үйінді астында адамдар бар. Қазіргі уақытта оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

A-Haber мәліметінше, бес қабатты ғимарат құлаған. Оқиға орнына көптеген құтқару бригадалары жіберілген. Үйінді астында адамдар қалып қойғаны туралы хабарлар түсуде және іздестіру жұмыстары басталған.

NTV телеарнасының дерегінше, үйінді астында шамамен 7 адам болуы мүмкін.

Өрт сөндірушілер, Төтенше жағдайлар және апат салдарын жою басқармасы (AFAD) және іздестіру-құтқару бөлімшелері құлаған ғимарат астынан құтқару операциясын бастаған. Құтқарушылар қазір үйінділерді тазалап жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар