Freedom Inside '26

Ақтөбеде дауыл болды

Ақтөбеде дауыл болды
diapazon.kz

Ақтөбеде кенеттен көтерілген дауыл қала тұрғындарын әбігерге салды. 21 маусымда сағат 13:30 шамасында өңірде қатты жел соғып, нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнаған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қолайсыз ауа райының салдарынан қала көшелері мен тұрғын үй аулаларындағы бірнеше ағаш тамырымен қопарылып құлады. Кей жерлерде ағаштар жол бойында тұрған көліктер мен тұрғын үйлердің маңына құлаған.

Сонымен қатар Ақтөбенің бірқатар ауданында электр энергиясы уақытша өшкен. Қала әкімдігінің хабарлауынша, «Қазгидромет» мәліметі бойынша желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен.

Осыған байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ал әлеуметтік желілерде тұрғындар дауылдың салдарын бейнелейтін фото және видеоларды бөлісуде.