АҚШ Қорғаныс министрлігі Иранға қатысты әскери операциялардан кейінгі шығындарды өтеу үшін Конгрестен қосымша 80 миллиард доллар бөлуді сұрады. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Басылым мәліметінше, Пентагон өкілдері қазіргі қаржыландыру көлемі жеткіліксіз екенін айтып, егер Конгресс әскери шығыстарға қатысты жаңа заң жобасын қабылдамаса, ведомствоның осы жазда операцияларды қаржыландыруға арналған қаражаты таусылуы мүмкін екенін ескерткен.
Әзірге Конгрестің бұл өтінішке байланысты қандай шешім қабылдайтыны белгісіз.