ШҚО түрмесінде ақша бопсалаған сотталғандарға сот үкімі шықты

ШҚО түрмесінде ақша бопсалаған сотталғандарға сот үкімі шықты
Фото: ЖИ

Шығыс Қазақстан облысында түрмеде сотталғаннан ақша бопсалау дерегі әшкере болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылғы шілде-қараша аралығында қылмыстық орта ықпалындағы сотталған Ж. тағы бір сотталған К.-мен бірге мекемеге жаңадан келген сотталған М.-ны күш қолданамыз деп қорқытып, "қамқорлық" көрсеткені үшін ақша талап еткен.

Арнайы прокурорлар күдіктілердің кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақ жинап, істі сотқа жолдаған.

Глубокое аудандық соты екі сотталушыны Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Сот олардың қолданыстағы жаза мерзімін ұзартып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.