СҚО елімізде мал шаруашылығын дамыту бойынша алдыңғы орында - министр Қарашөкеев

Dalanews 26 там. 2022 07:26 597

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық малшылар слеті өткізілді. Іс-шара аясында облысқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев келді.

СҚО әкімімен, облыс әкімдерінің орынбасарларымен, мал шаруашылығының басшыларымен бірге ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері облыстың үш ауданына барды. Қызылжар ауданының Чапаев ауылында малшылар слет өз мәресіне жетті.

Қызылжар ауданының Чапаев ауылында делегация "Қызылжар-Сүт"ЖШС сүт кешеніне барды. Өндіріс барысымен және кәсіпорын өнімдерімен танысты.

Осыдан кейін малшылар слеті өтетін жерде қатысушыларға ауыл шаруашылығы техникаларының, малдар мен тауарлардың көрмесі көрсетілді.

Іс-шараны қорытындылай келе, солтүстік өңір басшысы Ербол Қарашөкеевке Солтүстік Қазақстан облысында республикалық малшылар слетін өткізу бастамасы үшін алғыс айтып, саладағы бір жылғы жұмыс қорытындылары туралы айтып берді.


«Мемлекет басшысы Елді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін қойды. Ағымдағы жылы облыс бойынша инвестиция көлемі 76 млрд теңгеден асатын 31 инвестициялық жоба іске асырылуда, бұл 1 000-нан астам адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.



Бұл 17 сүт-тауар фермасы, үш құс фабрикасы, бір шошқа кешені, алты элеватор іске қосылмақ. Жұмыс істеп тұрған бірқатар нысандарды бүгін аралап көрдіңіз.

Инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шараларынсыз іске асыру мүмкін емес. Біздің облыста жобаларды ӘКК арқылы қаржыландырудың пилоттық бағдарламасы жұмыс істейді. Біз төрт пайыз жеңілдікпен несие береміз, несие бойынша екі жылға кейінге қалдырамыз, жеңілдетілген салық мөлшері тағы бар.

Бұл тәжірибені республикамыздың басқа да облыстарында іске асыруға болады» деді Құмар Ақсақалов.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі еліміздегі агроөнеркәсіптік кешен мен мал шаруашылығының жалпы даму тенденциясын атап өтті.

«Елдің мал шаруашылығы тұтастай алғанда ауыл шаруашылығының салыстырмалы түрде тұрақты дамып келе жатқан саласы ретінде сипатталады.

Бұған мал мен құс санының тұрақты өсу қарқыны дәлел. Алда олардың сапалық көрсеткіштерін жақсарту, жануарлардың өнімділігін арттыру, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту.


Біз өзімізді сиыр еті, қой еті, жылқы еті мен жұмыртқамен қамтамасыз етудеміз. Құс еті бойынша соңғы үш жылда импортқа тәуелділікті 51% - дан 35% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Алдағы төрт жылда біз бұл көрсеткішті барынша азайтуды және құс еті бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы саланы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында орын алды, олардың көлемі жылдан жылға тұрақты қарқынмен өсуде» деп жеткізді Ербол Қарашөкеев.



Министр сондай-ақ, соңғы бес жылда мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі 60% - дан астамға өсіп, ағымдағы жылы 124,5 миллиард теңгені құрағанын, ал салаға инвестицияларды тиімді тартудың мысалы ретінде Ербол Қарашөкеев Солтүстік Қазақстан облысын атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы республикада мал шаруашылығын дамыту бойынша алдыңғы қатарда. Еліміздің басқа өңірлері үшін оның сүт бағытындағы нәтижелі жұмыстар  үлгі болып табылады.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста 2018 жылдан бастап жалпы саны 15,2 мың бас ІҚМ болатын 22 сүт-тауар фермасы салынды. Осы жобаларды іске асыруға 23 миллиард теңге инвестиция құйылды, 650 жаңа жұмыс орны ашылды. Мал шаруашылығы көлемін арттыру үшін облыста жалпы саны 7,6 мың сиыр болатын тағы 11 сүт-тауарлы фермалардың  құрылысы жүргізілуде.

Олардың сегізі осы жылы өз жұмысын бастайды деп жоспарлануда. Мұның барлығы Солтүстік Қазақстан облысы басшылығының,  агроөнеркәсіп кешенін жемісті еңбек етіп жатқан шарауалардың арқасында» деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.

Республикалық малшылар слеті ерекше көзге түскен фермерлік шаруашылықтардың басшылары мен мамандарын марапаттау рәсімімен аяқталды.

"Еңбек ардагері" медаліне 12 қазақстандық ие болса, 24-і "Ауыл шаруашылығы үздігі" төсбелгісіне ие болды, мал шаруашылығы саласының 49 қызметкері Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар