ШҚО-да ер адамнан ақша бопсалаған 23 жастағы тұрғын ұсталды

ШҚО-да ер адамнан ақша бопсалаған 23 жастағы тұрғын ұсталды
ІІМ

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу мәліметі бойынша биыл қаңтарда күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, одан ай сайын 150 мың теңге талап ете бастаған. Ол қорқытып, психологиялық қысым көрсету арқылы өз талаптарын орындатқан.

Ер адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен, қаскөйге 100 мың теңге берген. Алайда заңсыз әрекеттер тоқтамай, уақыт өткен соң күдікті қайта ақша талап еткен.

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.