Петропавлдағы Орталық саябақта Бірлік күніне орай ағаштар отырғызылып, Бірлік аллеясы ашылды. Бұл рәсімге СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты,- деп хабарлайды Dalanews.kz
"Мен құрметті ақсақалдарымызды, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін, жастарды және облысымыздың барлық тұрғындарын қатысушы ретінде көргеніме қуаныштымын. Бірлесе отырып, біз тағы бір жасыл аймақ жасадық, ол біздің бірлігіміздің символына айналмақ. Бірлік аллеясы кездесулер мен пікір алмасу орны болсын, ал бірлік пен достық біздің басты құндылықтарымыз болып қала берсін ", -деп атап өтті облыс әкімі.
Бұл күні саябақта нағыз мерекелік атмосфера орнады: балалар қызығушылықпен сурет салып, мектеп оқушылары табиғатты қорғаудың маңыздылығын еске салатын ұялар жасады.