СҚО-да ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсаған

СҚО-да ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсаған
"Криминальный Казахстан" арнасынан

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смаилов өз-өзіне қол жұмсаған. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы жағдай 18 мамырда болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ерлан Смаилов ауыл әкімі қызметіне 2026 жылы 17 ақпанда тағайындалған. Оған дейін "Майское-Агро" ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі табылған еді. Сондай-ақ, Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.