Freedom Inside '26

Ақтөбе облысында бұрынғы әкім өлі табылды

Ақтөбе облысында бұрынғы әкім өлі табылды
gov.kz

Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 4 мамырда ол қызметінен кету туралы өтініш жазған, ал келесі күні ресми түрде жұмыстан босатылған. 6 мамырда таңертең Қуанышбек Серікжанов өз үйінен өлі табылған.

Полиция 42 жастағы ер адамның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін өңірде осындай жағдай тіркелген еді. Ол кезде Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өлі табылды.