СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Сағыныш Сардарова 31 нау. 2025 11:55 561

Солтүстік Қазақстан облысында әкімдіктің лауазымды тұлғалары және кәсіпкер парақорлық дерегі үшін сотталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тайынша ауданы әкімінің орынбасары және ТҮКШ бөлімі басшысы жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 000 000 теңге пара алған.

"Бұлтартпас дәлелдер болса да жауапқа тартылған үш адам өз кінәларын мойындамай, жасаған істеріне өкінбеген. Алайда мемлекеттік айыптау пара беру және алу деректерін дәлелдеді", - деп жазылған хабарламада.

Петропавл қалалық соты прокуратураның ұстанымымен келісіп, кінәлі тұлғалар 3 жыл 6 айдан бастап 7 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды.  

Сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде өтейді.  

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар