СҚО-да әмбебап құтқару кешені ашылды

Ақтоты Жапатова 27 нау. 2025 10:04 401

Солтүстік Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен құтқару және іздеу шараларына арналған алғашқы әмбебап кешеннің ашылуы өтті,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Жаңа нысан Пестрое көлі және Тепличное ауылының маңында орналасқан.

Айта кету керек, бұрын жедел-құтқару жасағында өзінің ғимараты болмаған. Жаңа кешен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып, құтқарушыларға апаттық жағдай кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Кешен заманауи жабдықтар мен техникамен жабдықталған. Мысалы, автокөліктің есігін ашуға "таран", жол-көлік оқиғаларында металл кесу және кеңейтуге арнайы құрал сатып алынған. Кешенде сүңгуірлер мен қайықтар, иттермен кинологтар да бар.

"Тасқында жедел-құтқару жасағы адамдарды құтқару бойынша маңызды миссияны атқарады. Енді төтенше оқиғаларға дайындық деңгейі айтарлықтай өсіп, әрекет ету уақыты қысқарады және көмек көрсету сапасы жақсарады", - деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да су тасқыны қаупі бар аймақтар дрондармен бақыланатынын жазған болатынбыз. Солтүстік өңір су тасу қаупі жоғары аймаққа жатады. Сондай-ақ «қызыл» аймақта Абай облысы мен Шығыс өңірі бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар