ШҚО әкімі қызметінен кеткісі келген: мән-жайы белгілі болды

ШҚО әкімі қызметінен кеткісі келген: мән-жайы белгілі болды
altainews.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қызметінен кету туралы өтініш жазған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Лаура Жақыпова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Нұрымбет Сақтағанов қолданыстағы заңнамаға сәйкес отставкаға кету туралы өтінішті белгіленген тәртіппен тапсырған. Алайда өтініш қаралғаннан кейін оның бұл іске қатысы жоқ екені ескеріліп, қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, өңір әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмысы қалыпты режимде жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 3 сәуірде Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Жақсылық Омарды алаяқтық пен пара алу ісі бойынша кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған еді.