Спорт министрі Михаил Шайдоровты дайындауға кеткен шығын неге жарияланғанын түсіндірді

Көркем Алдабергенова 25 ақп. 2026 11:17

Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов брифинг барысында ведомствоның не себепті Михаил Шайдоровтың жалақысы мен оны дайындауға жұмсалған шығындар туралы ақпаратты ашық жариялағанына түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, ведомствода барлық процесс ашық жүргізіледі, бюджет жасырылмайды, ал қаржыға қатысты мәліметтер қоғам үшін қолжетімді.

Сондай-ақ журналистер қысқы Олимпиада ойындарына барған делегацияның құрамына және оған бюджеттен қанша қаражат жұмсалғанына қатысты сұрақ қойды.

"Делегация арнайы бұйрықпен бекітіледі. Делегация құрамында болған әр адамның халықаралық аренада спортшылармен жұмыс істеуге байланысты өзіне тән нақты міндеті болды. Ол жаққа бірде-бір артық адам барған жоқ", – деді Ербол Мырзабосынов.

Сонымен қатар, министр делегацияға жұмсалған қаражаттың нақты сомасын атаған жоқ.

Tengrinews.kz порталына берген эксклюзив сұхбатында Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарына дайындық қалай қаржыландырылғанын, толыққанды жағдай қашан жасалғанын айтты, сонымен қатар, табысы туралы жарияланған ақпаратқа қатысты пікір білдірген болатын

Спортшының айтуынша, дайындықтағы елеулі өзгерістер тек Олимпиада маусымында басталған. Бұған дейін ол жалақыны көтеру, бапкерлерге еңбекақыны арттыру және мамандарды штатқа алу мәселесін бірнеше рет көтерген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove