Мемлекеттік сатып алу сайтына аймақтың Денешынықтыру және спортты дамыту басқармасы өз ұсыныстарын енгізген. Айталық, 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысы ерлер мен әйелдер волейболына 169-71,4 млн теңге, велоспортқа 105 млн теңге, хоккейге 310 млн теңге, күреске 45 млн теңге және ат спортын дамытуға 130 млн теңге жұмсауды көздеп отыр.
Бұлардың арасында ең көп қаржы жұмсалатын спорт түрі футбол болып тұр. Солтүтсік Қазақстан облысы футболды дамытуға 920 млн теңге жұмсамақшы.
Солтүстік Қазақстан облысының спортты дамытуға жұмсайтын шығынын өзге өңірлермен салыстырғанда орташа деп бағалауға болады. Мәселен Шымкент қаласы спортты дамытыуға 6,2 млрд теңге жұмсауды көздесе, Ақтөбе облысы 2 млрд теңге, Қостанай облысы 3,2 млрд теңге қарастырыпты.